Мамлют ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы бойынша 4 медициналық пункт салынып жатыр, оның 2-і фельдшерлік-акушерлік пункттер. Соның бірі бұған дейін медициналық нысаны апатты деп танылған Бексейіт ауылында бой көтеріп, құрылысы аяқталуға жақын.


Бексейіт ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің ауданы 150 шаршы метрден асады, нысанды салуға 148 миллион теңге бөлінді. Пайдалануға берілгеннен кейін мұнда жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетілетін болады.


МАРИНА КОРОБКОВА, МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Сондай-ақ, Бексейіт ауылына жақын орналасқан біздің Новомихайловка ауылында фельдшерлік пункт салынады. Онда дәрігер, фельдшер, медбике және техникалық қызметкерлер бар.


Фельдшерлік пункттің құрылысы маусым айында басталған. Қазір мұнда 7 маман жұмыс істеп жатыр.


АСЫЛХАН СМАҒҰЛОВ, «ADA GROUP» ЖШС ӨКІЛІ:

- Бұл медициналық орталықта дәріхана, физиотерапия кабинеті, мейірбикелерге арналған кабинет, емдеу бөлмесі және анықтамалық кабинет болады. 


Барлық денсаулық сақтау мекемелері заманауи медициналық жабдықтармен қолданысқа беріледі.


Зарина Кәп