1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында облыста жыл сайын республикалық «Мектепке жол» акциясы өтеді. Бұл акция аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындап, қолдауға арналған. Іс-шараға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істейтін Бескөл мектеп-колледжі белсенді қатысып жатыр.


Кейінгі үш жылда мектеп қаражатынан 3,5 миллион теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. Сондай-ақ білім ордасы баласы бірінші сыныпқа барған өз қызметкерлеріне де мектепке арналған керек-жарақ салынған сөмкені сыйлыққа береді.


ТАТЬЯНА МИШКИНА «БЕСКӨЛ МЕКТЕП-КОЛЛЕДЖІ» ЖШС-НЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ (перевод)

355 00:26-00:40 // 01:03-01:15

– Былтыр 50-ден астам балаға көмек берілсе, биыл 24 отбасынан 30 балаға осындай көмекпен қамтылды. Бұған жыл сайын 1-1,5 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, аудандағы басқа да ұйымдармен байланыстамыз. Іскер әйелдер кеңесі, Дегдар» қоры, Халық банкі сынды мекемелер жыл сайын біздің балаларымызға көмек көрсетеді.

СНХ: ДАНА ҚАЗИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ (перевод)

358 00:30-00:56 // 01:12-01:30

– Облыста 39 білім беру ұйымы болса, ондағы студенттер саны 6,5 мың. Аудандағы білім беру мекемелері жыл сайын оқушыларды мектепке дайындауға көмектеседі. Көмекке мұқтаж отбасылардың арнайы мәліметтер базасы құрылған. Биыл тамыз айында 71 млн теңгеге 1632 адамға көмек көрсетілді. Оның 310-ы - отбасылары су тасқынынан зардап шеккен балалар. Биыл 5 миллион теңгеге жуық қаражатқа 372 балаға демеушілік көмек көрсетілді.