Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды мәселелері бойынша жеке қабылдады. Өңір тұрғындары Ғауез Торсанұлына түрлі сұрақтармен жүгінді. Оның ішінде қоғамдық көлік қозғалысы, су тасқынынан зақымданған үйлер жайлы сауалдар қойылды. 


Зиягүл Жапарова Бескөл ауылының тұрғыны. Ол № 101 ші автобустың жүру кестесін қайта қарап, арасын қысқартуды сұрады. Бұл маршруттың қозғалысы Қызылжар ауданының орталығында және Петропавл қаласында да жүзеге асырылады. Зиягүл Жапарованың айтуынша, автобустың келу уақыты тым ұзақ болғандықтан тұрғындар жұмыстарына кешігетін көрінеді.


ЗИЯГҮЛ ЖАПАРОВА, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Жастарадың барлығы қалада жұмыс істейді. Студенттер бар. Адам көп. Басында 101 маршруты біздің аулыға екі, екі жарым сағатта жететін еді. Одан кейін 5-6 жыл уақыт өтті, елді мекендегі адамдардың саны артты, оған симай бастадық. Содан соң 1 сағат 15 минут қылды.Бірақ уақыт өте келе қайтадан 2 жарым сағатқа ауыстырды. 


Жауапты органдардың мәліметінше бұл маршрут субсидияланбайды. Аталған бағыт бойынша күн сайын шамамен 8 автобус қатынайды.Әсіресе түскі қарбалас кезінде қоғамдық көлік бөгеледі. Бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызады. Өңір басшысы жағдайды дұрыс зерттеп, көлік қатынасын жақсарту бойынша ұсыныстар беруді тапсырды.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бізге бұл мәселені шешу қажет. Қандай да бір ұсыныстар бар болса маған айтыңыздар. Мүмкін өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы көмектесуге болатын шығар. Ең бастысы барлығын дұрыс зерттеу керек. Барлық ұсыныстарды қараймыз.


Людмила Соляник Ойқала ықшам ауданында 59 жыл тұрып келеді.Су тасқыны кезінде оның баспанасы қатты зақымданған.Комиссия шешімі бойынша үй тұруға жарамды. Бірақ Людмила бұл шешіммен келіспейді.


ЛЮДМИЛА СОЛЯНИК, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- 10-мамыр күні бізге комиссия келіп үйімізді қарап шықты. Оның шешімі бойынша баспанамыз тұруға жарамды екен. Бірақ мен оған келіспеймін. Комисиия өкілдерінің айтуынша, бөренеден салынған үйлердің барлығы жарамды.


Людмила Соляниктың баспанасын қалпына келтіруге 4 млн теңге ұсынған. Бірақ ол оған үзілді кесілді қарсы.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Егер сіздің үй жөндеуге жарамды деп танылса біз оған қарсы шыға алмаймыз. Үйңізді жөндей алмасаңыз біз сізге механикалық бригаданың көмегін ұсынамыз. Қолдау көрсетеміз. Бірақ үйді апатты деп айта алмаймын. Барлығы комиссияның шешіміне байланысты. 


Комиссия шешімімен келіспейтіндер сотқа жүгіне алады. Өңір басшысы қабылдауға келген барлық азаматтардың өтініштерін тыңдап, бақылауға алды.