Балалардың жазғы демалысын көңілді де қызықты өткізу үшін өңірде он шақты балаларды сауықтыру лагері жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – қала маңында орналасқан «Достық» демалыс орны. 3-ші маусымда мұнда 170-ке жуық жасөспірім демалды. 


16 жастағы Сабина Қадылбекова Астана қаласынан келген. Қазір ол «Достық» балаларды сауықтыру лагерінде демалып жатыр. Волейбол ойынын жақсы көретін бойжеткен, орталықтың бұл маусымы спортқа арналғаннан кейін келгенін айтады. Оның сөзінше, мұндай сауықтыру лагеріне алғашқы рет келген, және көңілінен шықты.


САБИНА ҚАДЫЛБЕКОВА, ДЕМАЛУШЫ:

-  Мен осы Астана қаласынан Петропавл қаласына бірінші рет лагерьге келдім. Маған барлығы өте қатты ұнады. Күн де спорттық эстафеталар болады. Жаңа адамдарды кездестірдім. Би билеп, спортпен айналысып, ән айтамыз. Осы 10 күннің ішінде мен көптеген достармен таныстым.


«Достық» балаларды сауықтыру лагері 2014 жылдан бері жұмыс істеЙДІ. Осы жылы 3 ауысым ішінде 500-ге жуық бала демалған. «Жалпыға бірдей білім беру» қорының тегін жолдамасымен 85 оқушы келген. Оның ішінде су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан келген оқушылар да бар.


ЮЛИЯ ЕВСЕЕВА, «ДОСТЫҚ» БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Алдағы уақытқа тағы 2 маусым жоспарланған. «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 200 адам жаздың соңына дейін біздің лагерьде демалады. Әр ауысымның өз тақырыбы, өз бағыты бар. Балалар өте риза. Көптеген іс-шара, жарыстар, турнирлер өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, қаладан қонақтар да келеді. Балалар өте талантты, қабілетті. Ән айтады, билейді, өлең оқиды. Жалпы, маусым жоғары деңгейде өтті.


Айта кетейік, Облыста 1-10 сынып аралығында оқитын 68 мыңнан астам оқушы болса, осы жылы соның 64 мыңға жуығы жазда түрлі демалыс іс-шараларымен қамтылды.


Ерлан Жұмахан