«Қызылжар су» ЖШС 1 жартыжылдыҚТАа атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. Биыл кәсіпорын 90 млн теңгеге жуық қаражатқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал, инвестициялық бағдарлама аясында өз қаражаты есебінен 54 млн теңгеге 2,5 шақырым су құбыры желілерін күрделі жөндеуден өткізген. Сондай-ақ, 44 млн теңгеге 1 км-ден астам кәріз желілерін қалпына келтірді. Жарты жылдың ішінде қызмет көрсетудің жалпы құны 2 млрд. 192 млн. теңгені құрады.


«Қызылжар Су» серіктестігінде су құбыры желілерінің ұзындығы-344,47 км-ні құрайды. Ал, жалпы қалалық кәріз желілерінің ұзындығы-257,8 шақырым. Кәсіпорын 95 259 адамды және 3790 кәсіпорынды сумен қамтамасыз етеді. Айта кетейік, 2024 жылы су тарифі жеке тұлғалар үшін - 94 теңге болып, ал заңды тұлғалар үшін - 394 теңге болып бекітілген. Мамандардың айтуынша, бұл баға биыл өзгермейді.


ЕЛЕНА ПЕТРОВА, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ЭКОНОМИСІ:

- Бұндай жұмыстар жылдың соңына дейін жүргізіледі. Тағы су құбырының 5 шақырымы және кәріз құбырының 628 метрі жөнделеді. Сондай-ақ, бірінші және екінші сорғы станцияларына жалпы соммасы 32 млн теңгеге 6 кәрізді су асты сорғысын сатып алу жоспарда бар. Жалпы, бұл жасалып жатқан іс-шаралар су құбырының тозуын 2,4 пайызға, кәріз құбырларының ескіруін 2 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.