Осы жылдың ақпан айында Есіл ауданы Петровка ауылының жанындағы Жезқазған-Петропавл тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Тас жолда HOWO жүк көлігі мен Toyota Camry маркалы машина соғылып, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал көлікте отырған екі жолаушы Явленка орталық ауруханасына жеткізілгенімен, бірнеше күннен кейін олар да қайтыс болды. Тек облыстық балалар ауруханасына жатқызылған екі жасөспірім ғана аман қалды.


Сотталушының кінәсі жәбірленушілер, куәгерлердің айғақтары, сот сараптамаларының қорытындылары бойынша дәлелденген. Сот 63 жастағы Александр Чернобайды сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Ол ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Сондай-ақ, ол жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.