Петропавл қ. полиция басқармасының қызметкерлері «Достық» сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалармен кездесті. Мақсат – балаларға құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік барын еске салу. Әр түрлі жастағы үш жүзге жуық оқушы алдында криминалист, патрульдік полиция батальонының инспекторлары және ювеналдық полиция бөлімінің бастығы сөз сөйледі.


Жолдарда көліктердің қарқынды қозғалысы барысында, электрсамокаттары мен велосипедтерде жүру кезінде, су айдындарында ересектердің қарауынсыз шомылған уақытта басты ережелерді сақтамау жаз айларында балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Кездесудің мақсаты – балаларға осы ережелерді түсіндіріп, ықтимал қауіптерден сақтау. Құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіру. Сарапшы-криминалист қылмыстар мен оқиғаларға шыққан кезде алып жүретін чемоданы мен оның ішіндегі құрал-жабдықтарды көрсетті. Полиция аға лейтенанты иіс туралы ғылым — одорологияға тоқталып, қылмыстарды ашу кезінде аса қажет саусақ іздерін алу алгоритмін көрсетті.


- Сегодьня приходили сотрудники полиции расказывали о вещях котрые даже половина Достыкак незнали в том числе и меня естественно. Расказывали они о обыски и чем занимаются порлиция. Есть конечно разные виды но понравилось мне то что они разказывали. 


- Понравилось то что они все разказали показали там отпичатки машину свою показали ну классно мне понравилось.  Были опыты уже такие. Видел полициию сюда приезжали видел выступления всякие разные. 


Патрульдік полицейлер де өз қызметі туралы айтып, киімдерімен және арнайы құралдарымен таныстырды. Полиция қызметіне қызығушылық білдіргендер дауыс зорайтқыш құрылғымен, бейнекамералармен және жарқылдауық маяктармен жабдықталған патрульдік автокөлікке отырып көруге мүмкіндік алды. Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Жанат Мұстафина да балалармен әңгімелесіп, жасөспірімдерге сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдердің еріп жүруінсіз үйден тыс жүрген жағдайда көзделген жауапкершілік туралы айтты.


Жанат Мұстафина, Петропавл қ. ювеналды полиция бөлiмшесiнiң бастығы:

-Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар арасында заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Онда криминалистер, сондай-ақ патрульдік полиция батальены қызметкелері өз қызметі туралы айтып, арнайы құралдарды құрылғырыларын көрсетті. 


Балаларға арналған сауықтыру лагерьлерінде полиция қызметкерлері мұндай кездесулерді жылда дәстүрлі түрде өткізіп тұрады. Кездесулер алдын алу сипатында ғана емес, кәсіптік бағдар беру үшін де ұйымдастырылады.