Облыстың соңғы алты айдағы әлеуметтік –экономикалық дамуы қорытындыланды. Бірінші жарты жылдықтың қорытындыСЫ бойынша барлық негізігі салаларда өсім байқалады. Бұл жөнінде облыс әкімінің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды.


Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен облыстың соңғы алты айдағы әлеуметтік-эконмикалық дамуы қорытындыланды. Бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша барлық негізгі салаларда өсім байқалады.Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 108 пайызды құрады.


Қуанышбек Қалижанов, СҚО Экономика басқармасының басшысы:

- Бірінші жартыжылдықта ауылшаруашлық өнімінің жалпы шығарылым көлемі 2 пайызға өсіп 84,4 миллиард теңгені құрады. Малшаруашылық өнімдерінің көлемі 2,1 пайызға өсті. Сонымен қатар жартыжылдық қорытындысына сәйкес аталған сала жоспалы көрсеткішке қол жеткізбей 5,4 пайызды құрады.


Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші 104,7 пайызды құрады. Оның 81 пайызы өндіруші өнеркәсіпке тиесілі. Дегенмен өнеркәсіп өнімдері көлемінің төмендеуі Жамбыл, Шал ақын, Мамлют, Аққайың, Тайынша, Уалиханов, Есіл және М.Жұмабаев аудандарында байқалады.


Елена Степаненко, Мамлют ауданының әкімі:

- Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндірудің төмендеуі байқалады.Аудандағы өндіруші өнеркәсіп бұрыңғы ұн өндіру комбинаты. Ұн өндірісі бірінші жартыжылдықта 300 тоннаға төмендеген. Өнеркәсіп өнімдер өндірісінің көрсеткішінің төмендеуі осымен байланысты.


Ал Аққайың ауданның әкімі өндіріс көлемінің төмендеуі уақытша екенін айтып, түсіндірді.


Рүстем Елубаев, Аққайың ауданының әкімі:

- Қазір құс фабрикасының жұмысы тоқтады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жағдайды түзетеміз. Мысалы Ростан кәсіпорынының өндіріс көлемін өсіру арқылы. Яғни ЖШС сүт көлемін ұлғайту арқылы.


Облыс бойынша қаңтар-маусым айлары аралығында құрылыс саласында орындалған жұмыс көлемі ұлғайып 12,9 пайызды құрады. Жалпы жарты жыл ішінде облыста 90445 шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған. Құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуі Жамбыл, Тимирязев, Тайынша, Шал ақын және Петропавл қаласында байқалады.


Серік Мұхамедиев, Петропавл қаласының әкімі:

- Ғауез Торсанұлы бізде республикалық бюджеттің ұлттық қордан қаржының кешігуіне байланысты құрылыс жұмыстарының көлемін жаба алмадық. Бірақ құрылыс көлемі орындалған. Бұл ретте бізде резерв бар. Осы айда жоспарды орындаймыз.


Жиын барысында Ғауез Нұрмұхамбетов жылыту маусымына дайындықты пысықтады. Дайындық жұмыстарына 3 миллиард теңге қаражат бөлінген. Қазіргі таңда облыс бойынша қазандықтардың 43 пайызы дайын. Облыс әкімі қысқы маусымға дайындықты жіті бақылауда ұстайтынын айтты.


Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Барлық әлеуметтік маңызды обьектілер көмірдің нормативтік қорымен қамтамасыз етілген. Тұрғындармен уақытылы көмірді дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудан, қала әкімдіктеріне дайындықты қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын. Жасалған, жасалып жатқан жұмыстар бойынша мамағн есеп беріп отырыңыздар. Барлық обьектілердің жол картасы бар. Қаражат бөлінген. Ешқандай бұзушылықтар болмауы қажет.


Әкімдік отырысының соңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов атқарушы орган өкілдері мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.