Облыста фермерлердің біліктілігін арттыруға арналған алтыншы ғылыми-практикалық семинар басталды. Оқу жиынына қатысуға ниет білдірген 30-ға жуық адамға астаналық мамандар дәріс оқымақ. Еске сала кетейік, жыл басынан бері өтіп жатқан іс-шарада 300-ден астам мал дәрігерлері, фермерлер мен кәсіпкерлер біліктілігін арттырды.


Семинардың бүгінгі тақырыбы – төлдің жұқпалы ауруларымен күрес және олардың алдын-алу жолдары. Бұл мал шаруашылығы саласында өте өзекті мәселелердің бірі. Себебі түрлі ауру әсіресе бұзауларда жиі кездеседі. Бұл туралы С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ветеринариялық медицина кафедрасының доценті – Асқар Керлікбаев айтты.


АСҚАР КЕРЛІКБАЕВ, ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

- Бірінші тыныс алу жүйесі бұл организмнің ішіндегі барлық зат алмасу және қоректену процессі өтетін, қоректену процесстеріне. Ал тыныс жолдарына байланысты ол оттегі мен барлық дене мүшесін жалпы қамтамассыз етеді. Бүгінгі таңда осы ас қорыту жүйесінің аурулары төлдердің арасында жұқпалы емес болса да 50 пайызға дейін кездеседі. ал тыныс жүйесі аурулары 40 пайызға дейін кездесуі мүмкін.


Аурудың алдын алуға болады. Ол үшін төлдейтін жануарға жақсы күтім жасап, жем-суын уақытылы беру қажет.


ӘБІЛҚАЙЫР ҚҰРМАНҚҰЛОВ, СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Осы салада 6 жылдан бері жұмыс істеймін. Мен осы семинарға алғаш рет келіп отырмын. Әріптестерім болған осының алдында. Осы семинардың болғаны біз үшін жақсы. Темпания, рупца деген аурулар бар. Олар жұқпалы емес. Емдейміз арасында кезедеседі анда-санда. Емдейміз. Дұрыс күтім керек малға. Жайлағанда жем-шөбін дұрыс беру керек.


Ғылыми-практикалық семинардың бүгінгі бөліміне 26 адам қатысты. Іс-шара келер жылға дейін жалғасын табады.