Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект пен цифрландыруды барлық салаға енгізуді, жаңа экономикалық серпіннің негізі етуді тапсырды. Жасанды интеллект технологиялары өндіріс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқаруда кеңінен қолданылмақ. Бұл ел экономикасының тиімділігін арттырып, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері Президенттің бұл бастамасын қолдайтындарын айтты.

СНХ: РҮСТЕМ ИМАНҒАЗИН, СҚУ СТУДЕНТІ