Қыркүйек айында ҚазАтомӨнеркәсіптің нарықтағы капитализациясы ең жоғары тарихи межеге жетіп, 14 миллиард доллардан асты. Компания акцияларының құны IPO-ға шыққалы бері 4,5 есеге өскен. Бұл туралы Президент қабылдауында болған акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов баянады. Оның сөзінше жасанды интеллект, дата орталықтардың көбеюі және жаңа станциялардың құрылысына байланысты 2030 жылдан кейін уран тапшылығы болуы мүмкін. Биыл екі жаңа учаскеде геологиялық барлау жұмысы басталды. Компания сирек кездесетін металдарды өндіру, ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, жасанды интеллект технологиясын енгізу бағыттарын дамытуды жоспарлап отыр. Президент ресурс базасын одан әрі дамытуға және компанияның әлеуметтік маңызы бар бастамаларға белсенді атсалысуына қатысты бірқатар тапсырма берді.
СНХ: МЕЙІРЖАН ЮСУПОВ «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ