Қазанның 16-сы – дүниежүзінде Нан күні аталып өтеді. Біздің дастарқанымыздың басты асы – нан. Ол жүздеген адамның еңбегінің нәтижесі: диқандардан бастап наубайшыларға дейін. Түсірілім тобы Петропавлдағы нан зауытының бірінде болып, күн сайын тұтынатын өніміміздің қалай дайындалатынын көріп қайтты.

Нанның тарихы егіс алқабынан басталады. Алтын дән жердің жылуын бойына сіңіріп, наубайханаларға жеткізіледі. Осындай тізбекті еңбектің нәтижесінде дастарқанымызға күн сайын жаңа піскен нан келеді. Оның артында диқандардың, диірменшілердің, наубайшылар мен логистердің тынымсыз еңбегі тұр.

СНХР: АГАТА НОРКИНА – «ҚАЛА-НАН» ЖК БАТОН ЦЕХЫНЫҢ ШЕБЕРІ


Наубайханада жұмыс істеу оңай емес – цехтағы жоғары температура, түнгі ауысымдар мен қарбалас. Мұнда өз ісін шын сүйетін жандар ғана еңбек етеді, дейді Агата Норкина.

СНХР: АГАТА НОРКИНА – «ҚАЛА-НАН» ЖК батон цехының шебері


«Қала-Нан» жеке кәсіпкерлігі 2008 жылдан бері нарықта жұмыс істейді. Алғашында зауыттық нанды жалдамалы ғимаратта пісірген. Бүгінде – 1800 шаршы метр аумақта орналасқан заманауи өндіріс орнында, түрік технологиясы, 40-тан астам нан өнімінің түрі және 53 қызметкер бар. Ай сайын мұнда жарты миллионға жуық бөлке нан пісіріледі. Кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланып келеді.

СНХР: ГУЛИ ГУЛИЕВ – «ҚАЛА-НАН» ЖК басшысы


16 қазан – Нан күні. Бұл мереке Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. Себебі еліміз – нан өндіру дәстүрі қалыптасқан, аграрлық әлеуеті жоғары мемлекет. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 3 миллион гектар астық орылып, өнімнің басым бөлігі жиналды.