Петропавл қаласының алдағы 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қайта қаралуы мүмкін. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың өткен кезекті сессиясында талқыланды. Депутаттар бірқатар өзгерістер мен қосымша шығындарды қарастыруда. 

Отырыста әкімдік өкілдері қалалық бюджеттің шығындарын 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға ұлғайту қажеттігін хабарлады. Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне қосымша шамамен 800 миллион теңге қажет. Оның ішінде, 275 миллион қаражат жолаушылар тасымалын субсидиялауға бөлінбек.

СНХ: МАРАТ ЕРХАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Депутаттар 173 миллион теңгеге алынатын ғимараттың нақты қай нысан екенін сұрап, түсініктеме беруді талап етті.

СНХ: ЗӘКІРЖАН МАМЛЮТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ


Петролпавлдағы ботаникалық бақ мемлекет меншігінде, алайда толық емес. Ондағы бір ғимарат әлі де Артур Рязаповқа тиесілі.

СНХ: ҚАЛИЯ ТҮРЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жекеменшік нысанға бағалауды Алматыдан келген тәуелсіз компания жүргізген.