Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл "Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдау жолдады. Президент өз үндеуінде елдің даму басымдықтарын нақтылап, инновациялық шешімдер мен цифрлық технологияларды енгізуден бастап, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге дейінгі міндеттерді айқындап берді.

Президент цифрлық дамуды елдің алға басуының маңызды тетігі ретінде ерекше атап өтті. Бұл бастаманы солтүстікқазақстандықтар да қолдайды. Олардың айтуынша, заманауи технологиялар күнделікті өмірді жеңілдетіп қана қоймай, барлық үдерістердің жылдам әрі ашық өтуіне жол ашады.