Құқықтары мен заңдарды білмей, құқықтық тәртіпке деген құрметті қалыптастыру мүмкін емес. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды. Аталған бағытта белсенді жұмыс жүргізіп келе жатқан — Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігі. Басты мақсат – тұрғындарға құқықтық білім беріп, құқықтық сана қалыптастыру.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметін кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында түрлі ақпараттық жұмыстар жүргізіліп келеді. 2025 жылдың 9 айында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 176 ақпараттық материал жарық көрген. Облыстық және аудандық газеттерде арнайы айдар ашылып, 49 мақала жарияланды. Сонымен қатар, адам және азамат құқықтары туралы 45 материал дайындалған. Сондай-ақ, Уәкілдің бастамасымен еліміздің бірқатар өңірінде «Құқықтық сағат» ұйымдастырылды. Іс-шара аясында гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын сақтау және қорғау мәселелері көтерілді.

СНХР: ЖАНАТ ЖҰМАБАЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ӨКІЛІ