Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында заманауи цифрлық технологияларға ерекше назар аударды. Солтүстікқазақстандықтар үшін цифрландыру – қолайлы әрі заманауи шешім. Жасанды интеллект пен басқа да IT технологиялар түрлі салада жұмыс барысын айтарлықтай жеңілдетуде.