Петропавлда «Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы инновациялық технологиялар: жасанды интеллект – тиімділіктің құралы» атты тақырыпта семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарды басқаруда заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті тиімді қолдану жолдарын талқылау болды. Сондай-ақ, нақты жобалар таныстырылып, ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің басқару процесіндегі рөлі, білім беру сапасын арттырудағы мүмкіндіктері және цифрлық трансформацияның мектепке дейінгі ұйымдарға әсері жөнінде өзара тәжірибе алмасты. Жиынға өңірден 35 педагог қатысты. Аққайың және Ғабит Мүсірепов ауданның мамандары цифрлық жобаларын таныстырды.
СНХ: РОЗА СӘРКЕН - «ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ» КММ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінде жасанды интеллект – заман талабына сай тиімді құралдардың бірі. Ол білім беру саласына да еніп, оқыту үдерісін жеңілдетіп, сапасын арттыруға үлес қосуда. Осы орайда, Петропавл қаласындағы «Балдәурен» бөбекжайы осы заманауи технологияны күнделікті тәрбие мен оқыту жұмысында ұтымды қолданып келеді.
СНХ: МӘДИНА ДАРБАЕВА, «БАЛДӘУРЕН» БӨБЕКЖАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
«Балдәурен» балабақшасында қазіргі таңда 320 бала тәрбиеленіп жатыр. Барлығы 14 топ бар. Әр топта білім мен тәрбие беру үдерісі жан-жақты ойластырылып, заманауи талаптарға сай жүзеге асырылып жатыр.