Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Қазақстанның мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің 70 жылдық мерейтойына арналған «Би керуені» атты мерейтойлық концерт өтті. Кеш барысында қазақтың ұлттық билерімен қатар әлем халықтарының би өнері де ұсынылды. Сахнада ансамбльдің жетпіс шақты әртісі мен еліміздің танымал әншілері өнер көрсетті.
Мерекелік концерттің алғашқы бөлімінде фольклорлық ансамбльдің ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған ерекше нөмірлері мен қазақ және Азия халықтарының билері ұсынылды. Бағдарлама барысында көрермен дәстүр мен заманауи ырғақты ұштастырған әсерлі қойылымдарға куә болды. Концерттің айрықша ерекшелігі – барлық өнерпаздардың жанды дауыста өнер көрсетуі.
СНХР: ҚУАНЫШБЕК ТӨЛЕГЕН , «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Сондай-ақ, мерекелік іс-шара барысында еліміздің танымал әншілері сахна төріне шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Көрермен қауымы әрбір орындауды ыстық ықыласпен қабылдап, ұлттық және заманауи әуендердің әсем үйлесімінен ерекше әсер алды.
СНХР: ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ
«Би керуені» мерейтойлық концертіне ансамбльдің 70 шақты әртісі қатысты. Олардың қатарында фольклорлық бағыттағы орындаушылар, би тобының әртістері және вокалдық ұжым өкілдері бар.
СНХР: МАДИНА ТОҚТАХУН , «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ БАЛЕТ ӘРТІСІ
«Салтанат» ансамблінің мерейтойлық концерті өнер мен ұлттық рухтың бірлігін айқын көрсетті. Айта кетейік, шығармашылық ұжым 19 қазанға дейін қала мен аудан тұрғындары алдында өнер көрсетуді жалғастырмақ.
СНХ: ДЕННИС ВИТЧЕНКО , АРТИСТ БАЛЕТА ГОСУДАРСТВЕННОГО АНСАМБЛЯ ТАНЦА «САЛТАНАТ»