19 қазан – Құтқарушылар күні. Кәсіби мереке қарсаңында облыс орталығында салтанатты жиын өтіп, өз ісіне адалдық танытып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген бір топ маман марапатталды. Ал Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының фойесінде өрт сөндіру қызметінің техникасы мен құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды.
Құтқарушылар күні — ел азаматтарының қауіпсіздігін күзеткен ерлердің еңбегін бағалайтын ерекше дата. 1995 жылдың 19 қазанында Мемлекет басшысының жарлығымен Төтенше жағдайлар комитеті құрылып, сол уақыттан бері бұл күн кәсіби мереке ретінде аталып келеді. Биыл Құтқарушылар күніне — 30 жыл. Айтулы датаға орай қызмет барысында көзге түскен мамандар, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, сондай-ақ сала ардагерлері марапатқа ие болды. Олардың бірқатарына жаңа шендер табысталып, алғыс хаттар мен құрмет грамоталары берілді.
СНХР: ЖОМАРТ АСҚАРОВ – СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ
Мерекелік іс- шара облыс әкімінің атынан құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесовтің сөзінен бастау алды.
СНХР: Нұрлан Кеңесов, СҚО әкімінің орынбасары
Құтқарушылар арасында еңбегімен ерекшеленгендердің бірі – жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Қанат Өмірзақов. Ол бұл салада алты жыл еңбек етіп келеді. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, талай адамның өмірін ажалдан арашалаған маманға осы күні пәтердің кілті табыс етілді.
СНХР: ҚАНАТ ӨМІРЗАҚОВ – СҚО ТЖД ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ
Бүгінде өңірде 27 өрт сөндіру және құтқару бөлімі жұмыс істейді.Онда 900-ден астам қызметкер тәулік бойы қызмет атқарады. Алдағы уақытта облыс орталығында жаңа өрт сөндіру бөлімі мен Айыртау ауданында құтқару станциясын ашу жоспарланған.