Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы, «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалимен кездесу өтті.
Кездесуге мектептің 8–9 сынып оқушылары қатысты. Олар өнер иесінің шығармашылық жолымен танысып қана қоймай, ұлттық мұра — домбыра, үлы ақын Абайдың әндері туралы терең мағлұмат алды. Әнші қазақтың дәстүрлі ән өнерінің ерекшеліктері, оның жастардың рухани дамуына әсері туралы ой бөлісті. Оқушылар Ерлан Рысқалидің орындауындағы әсерлі де мағыналы әндерді тыңдап, өз сұрақтарын қойып, шынайы шабыт пен рухани әсер алды.Сегіз Сері, Біржан сал, Ақан серілердің дәстүрін жалғап келетін өнер иесі жас тыңдармандарына ізгі тілегін айтып, бата берді. Кездесу соңында Ерлан Рысқали мектептің құрметті қонақтар кітабында өз қолтаңбасын және ыстық лебізін қалдырды. Мұндай рухани кездесулерді мектеп оқушылары тағатсыздана күтеді.
СНХР: ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ