Қыс жақындап келеді: солтүстікқазақстандық полицейлер жүргізушілерге автокөліктерін қысқы дөңгелекке уақтылы ауыстыруды ұсынады және барынша қауіпсздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Солтүстік Қазақстанға қыс маусымы таяп келеді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер жүргізушілерге көліктерін қысқы дөңгелектерге дер кезінде ауыстыру қажеттігін еске салады.
СНХР: Мейірбек Мейрам — Петропавл қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторы
Әсіресе жылдамдық режимін, маневр жасау ережелерін және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау маңызды. Тәжірибелі жүргізушілер дөңгелек ауыстыру бекеттерінде кезек пайда болғанын күтпейді. Олар құбылмалы ауа райында қауіпсіздікке баса мән беру керектігін жақсы біледі.
СНХР: Алексей Маковеев — жүргізуші
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары төтенше жағдай қызметтерінен келетін SMS-хабарламаларды елемей қалдырмауды, Қолайсыз ауа райына байланысты ұзақ сапарларды жоспаламауды ұсынады. Полицейлердің ақпараттық жұмысы «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында жол-көлік оқиғаларын азайту мен жүргізушілер тәртібін нығайтуға бағытталған.