Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды. Сапар барысында өңір жетекшісі автомобиль жолдарының, әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарымен танысып, ауданның аграрийлерімен кездесті және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. 


Жамбыл ауданында барлық санаттағы автожолдарды жөндеуге бағытталған 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. Мамлютка–Қостанай республикалық трассасының 63 шақырымдық бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жолдың сақталуын қамтамасыз ету және қозғалысты бақылауды күшейту мақсатында облыс әкімі автоматтандырылған бақылау жүйесін орнатуды тапсырды.

СНХ: ТАЛҒАТ СМАҒҰЛОВ — «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Аудан еңбек династияларымен танымал. Соның бірі – Жүсіповтер әулеті. Бірнеше буын ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқан отбасы мүшелері әлеуметтік саланың дамуына да үлес қосуда.

СНХ: ТӨЛЕГЕН ЖҮСІПОВ — ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


«Өңірдің дамуына жергілікті кәсіпкерлердің атсалысып жатқаны қуантады», — дейді Ғауез Нұрмұхамбетов. Алдағы уақытта мұнда қонақүй мен шиномонтаж ашу жоспарланған. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңір басшысы аудан аумағын көгалдандыруға қатысты.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ — СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Акция аясында тұрғындар, белсенділер және орман шаруашылығы қызметкерлері бір гектар аумаққа он мыңнан астам жас қайың отырғызды. Көшеттер демеушілер есебінен алынған.

СНХ: СЕЙТЖАН КҮРЛЕУТОВ «ПРЕСНОВСКОЕ» ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫ


Жамбыл ауданында орақ науқаны аяқталуға жақын. Жалпы егіс алқабы — 312 мың гектардан асады, орташа өнімділік гектарына 20,7 центнерді құрайды. Аграрийлер элеваторлардың жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Ғауез Нұрмұхамбетов бұл мәселені жеке бақылауға алатынын айтты.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ — СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Мемлекет ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асырып келеді. Дегенмен шаруалардың өзі де ауыл өміріне белсене араласып, инфрақұрылымды дамытып, жұмыс орындарын ашуы қажет. Шағын және орта бизнесті дамыту аясында ауданда жаңа дүкендер, супермаркеттер мен қонақүйлер ашылуда. Бұл — ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырумен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Өңір басшысы 14 нөмірлі жаңа қонақүйдің, азық-түлік және автодүкен жұмысымен танысты.


У нас широкий ассортимент. Поэтому мы стараемся для наших клиентов, для наших односельчан, чтобы у них всегда был выбор.

Биыл Жамбыл ауданында бірқатар маңызды жобалар іске асырылды: Преснов халықты әлеуметтік қамту орталығы жөнделіп, Қожаберген жырау атындағы орта мектеп, мәдениет үйі және өнер мектебі күрделі жөндеуден өтті. Өнер мектебінде бүгінде 300-ден астам бала музыкалық, көркем-эстетикалық және ғылыми бағыттар бойынша білім алуда.


Ауданда спорт саласына да ерекше көңіл бөлінуде. Мұз айдыны салынып, жазда — футбол алаңы, қыста — хоккей корты ретінде пайдалануға беріледі. Өңір басшысы жасөспірімдермен кездесіп, оларға спорттық киім сыйлады.


Халықпен кездесуде аудан әкімі Азамат Бектасов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы есеп берді.

СНХ: АЗАМАТ БЕКТАСОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ