Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ұлттық ойындар бойынша шеберлік сабағы өтті. Іс-шара «Жеңіс бірлікте!» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылды. Мақсат — жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, ұлттық ойындарды ұлықтау және этносаралық бірлікті нығайту.

Үстел теннисі орталығында өткен іс-шараға қала мектептерінің оқушылары, колледж және университет студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар асық ату, бес асық, қазақша күрес, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойын түрлерімен танысып, өздері де ойнап көрді.

СНХР: СӘЛІМХАН САБИТОВ, ҚХА ӨКІЛІ

8004 қаз 00:39-01:02

ЗКТ: Ұлттық ойындар — баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оның бойына рух пен тәртіпті сіңіреді. Ербол Оспанов ұлттық спортта 10 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол осы уақыт ішінде бірнеше шәкірт тәрбиелеп, оларды облыстық, республикалық жарыстарға дайындаған. Қазір де жас ұлттық спорт түрлерін үйретіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүр.

СНХР: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

8032 Қаз 00:16-00:34 00:58-01:17

ЗКТ: Мерекелік іс-шара «Жеңіс бірлікте!» арнайы жобасы аясында өтті. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да ұлттар арасындағы достықты нығайтатын осындай игі бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

ӘӘ, ҚА, ЖҚ