Мамлют ауданына қарасты Бостандық ауылы да ішімдіктен бас тартқан елді мекендердің қатарына қосылды. Бұл бастама ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтып, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Ауыл үлкендері мен жастары бұл шешімді бірауыздан қолдап, бірліктің үлгісін көрсетті.
Осыған орай ауыл орталығында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға тұрғындар жиналып, бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті. Аудан әкімі мен ауыл ақсақалдары бастаманы қолдап, саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Жиынға келген жұртшылық игі тілектерін білдіріп, жарқын өмір салтын дамытуға ниетті екендерін айтты.
СНХ:ҰМСЫН МҰРСӘЛІМОВА, БОСТАНДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Іс-шара аясында спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Бұл ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, бос уақытын тиімді өткізуге баулуға бағытталған маңызды қадам. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, гір көтеру және футбол сияқты жарыстарда ұл-қыздар өзара бақ сынасып, белсенділік танытты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен сыйлықтар табысталды.
СНХ:БИКАМАЛ МҰСТАФИНА, БОСТАНДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бостандық ауылында 70 шақты үй бар. 262 адам тұрады. Бұл елді-мекенде соңғы бес жылдан астам уақыт бойы ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелмеген. Ауылда бір ғана дүкен жұмыс істейді, бірақ онда алкогольдік ішімдіктер сатылмайды.
СНХ:ӘЛИХАН БАЙҚАДАМОВ, МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Мамлют ауданының Бостандық ауылының тұрғындары «Салауатты ауыл» челленджін Жамбыл ауданына жолдады. Ал іс-шара әрі қарай ауыл тұрғындарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, ерекше көңіл-күйде өтті.