19 қазан – елімізде Құтқарушылар күні. Осы маңызды мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шара барысында журналистер құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысып, жедел-құтқару жасағының алаңында өткен арнайы техникалар көрмесін тамашалады. 


СНХР: АСХАТ ЖАМБЫЛОВ, АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ


СНХР: АСХАТ ЖАМБЫЛОВ, АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ


Бүгінде облыс орталығында 200-ден астам өрт сөндіру және құтқару бөлімшесі тәулік бойы кезекшілік атқарады. Мамандар апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, жедел әрекет етеді. Жалпы жеке құрам саны 700-ден аса қызметкерді құрайды, олардың қарамағында 100-ден астам арнайы техника бар.

СНХР: ЕВГЕНИЙ ЖУРАВЛЕВ, СҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ


Асхат Жамбыловтың айтуынша, бүгінде өрт сөндіруші мамандығын таңдаған жас қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, оларға қызметтік пәтер ақысы төленіп, әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.