Облыста бірқатар интернет-алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен Петропавл тұрғыны қамауға алынды. Полицейлер ер адамды ұстаған кезде ол телефонын аяғымен жаншып, сындырмақ болған.


Сәуір айында облыс орталығының 53 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінген. Оны өзін полиция қызметкерімен деп таныстырған бейтаныс ер адамның алдап, атына бір млн теңгеден астам несие рәсімдегенін айтқан. Полицейлер күдіктіні тез арада анықтады. 28 жастағы жігітті ұстау үшін жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері жұмылдырылды. Күдікті шағын сөмкесінің жерге құлағанын көріп, ішіндегі телефонын аяғымен жаншып сындырмақ болды. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін