Олжас Бектенов СҚО-да егіс қорытындысымен, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласының дамуымен танысты. Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов диқандармен және малшылермен кездесті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру зауытында болды.


Үкімет басшысы «Дайындық Агро» ЖШС алқаптарын аралап көрді. Серіктестік биыл 7,5 мың гектарға жуық алқапқа егін сепкен. Мемлекет басшысының МОНО дақылды егістен бас тарту мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл мал азығына арналған алқаптар 3 есеге ұлғайтылды.


БІРЖАН ШАЙМЕРДЕНОВ, «ДАЙЫНДЫҚ-АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Биылғы жылы біз бидай, арпа, күнбағыс, жүгері, рапс ектік.Сонымен қатар бұршақты дақылдар ектік.///// Биылғы жылы кормовой комбайн және точный высев сеялка алдық.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр заманауи сүт-тауар фермаларын салуға 100 млрд теңге жеңілдетілген несие қаражаты бөлінген болатын. Тауар өндірушілерге тек сүт өндіру мен өткізу үшін субсидия түрінде жыл сайын 24 млрд теңгеге жуық қаржы аударылады. Премьер-Министр «Иван Зенченко» ірі сүт-тауар фермасының мысалында өңірдің сүт өнеркәсібінің әлеуетін одан әрі кеңейту мәселесіне баса назар аударды. Онда технологиялық процестер мен шығарылатын өнім түрлері қаралды. СҚО-да елімізде шығарылатын сүттің жалпы көлемінің 13%-дан астамы өндіріледі.


ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К» КС ДИРЕКТОРЫ:

- Бізде қазір 14 мың ірі қара мал бар. Олардың 5 мың 500-І сүтті сиыр. 7 мал кешені жұмыс істейді. Жыл сайын өндірілетін сүт көлемі 3-4 мың тоннаға артып отырады. Өткен жылы 47 мың тонна сүт өндірсек, биыл бұл санды 52-53 мың тоннаға өсіру жоспарда бар.Жалпы компаниямыз 1 мың 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Егіс алқабы 42 мың гектар. Олардың 19 мың гектарына дәнді дақыл егіледі.


Ірі агроқұрылымдардың өкілдерімен кездесуде егіс науқаны мәселелері және АӨК-ті қолдау шаралары талқыланды. Өңір жыл сайын елдегі жалпы астық көлемінің 25%-на дейін және майлы дақылдардың үштен бірін қамтамасыз ету арқылы осы салада көшбасшы болып отыр. Егіс науқаны жақын күндері толығымен аяқталады. Бүгінгі таңда 2,3 млн га алқапқа жоспарланған минералды тыңайтқыштың 65%-ы енгізілді. Барлығы 3 млн га егістік қамтылады.