Петропавлда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді. Мерекеге орай орталық алаңда ауқымды концерт ұйымдастырылды. Балдырғандар түрлі байқауларға қатысып, ойындар ойнап, күнді қызықты өткізді. Тілші толықтырсын.


Халықаралық балаларды қорғау күні облыс орталығында әрдайым үлкен ауқымда тойланады. Биылда аталмыш дәстүр жалғасын тапты. Петропавлда мерекеге орай балалар үшін түрлі қызықты әрі танымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Басты алаңда мерекелік көңіл-күй сыйлайтын ауқымды концерт өтті. "Территория детство" атты балаларға арналып құрылған күмбезде жас жеткіншектер сурет салып Шахмат ойнады. Виртуалды көзілдірік киіп , Лего конструкторларын жинады.


ИРИНА КОЛОДАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай біздің балақайларға арнап үлкен мерекелік бағдарлама дайындалды. Себебі бұл сонымен қатар жаздың ең алғашқы күні. Сол себепті де біз оны есте қалатындай өте қызықты өткізуге тырыстық.


Мерекелік іс-шара жиналғандардың көңілінен шықты.


- Барлығына тек жақсылық тілеймін. Барлықтырыңыз бақытты болыңыздар. Бүгін барлығы өз күндерін тамаша өткізеді деген ойдамын.


- Барлық балаларды мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Барлығына бақыт тілеймін.Бұл жазғы демалыс қызықты өтсін. Әрдайым бұл мерекені тойлайтын болайық. 


- Барлығын мерекемен құттықтаймын. Барлығына денсаулық, бақыт тілеймін.


Мереке қонақтары үшін "Өнер әлемі" шығармашылық шеберханасы, сәндік-қолданбалы шығармашылық конкурстары, сурет және робототехника бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.


ЖАМИЛЯ КУЖУБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Дәл қазір біз асфальт үстінде сурет салу байқауының алаңында тұрмыз. Бүгін балалар мультфильмдердегі сүйікті кейіпкерлерінің суретін салады. Осы орайда балаларды қорғау күніне орай қала мен облыстың барлық балаларын мерекемен құттықтағым келеді.


Мерекеде сонымен қатар облыстық ТЖ департаменті балаларға арнап өрт сөндіру-құтқару техникасының көрмесін ұйымдастырды.