Петропавлға ҚР штаттан тыс бас балалар инфекционисті Динагүл Баешова келді. Білікті маман екі күн бойы өңірде дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, балалар арасындағы жұқпалы аурулардың қалай алдын алуға болатынын талқылап, конференция өткізді.
ЗКТ: Өңірде жыл басынан бері жұқпалы аурулармен ауырған балалардың көбейгені байқалады. ҚР штаттан тыс бас балалар инфекционисті Динагүл Баешованың сөзінше, қауіпті инфекциядан қорғанудың бірден-бір жолы - екпе алу.
ДИНАГҮЛ БАЕШОВА, ҚР ШТАТТАН ТЫС БАС БАЛАЛАР ИНФЕКЦИОНИСТІ:
- Су тасқыны болғандықтан СҚО бізге өте қауіпті болып көрінді.Жұқпалы аурулар тарап кетуі мүмкін деп ойладық. Сондай-ақ, жаз мезгілі басталғанда жедел ішек аурулары басталуы мүмкін. Кейбір адамдар жемістерді жумай жейді. Және менингококко деген инфекция бар. 2017-2018 жылы осы ауру асқынып, біраз адам қайтыс болып кеткені бар. Сондықтан осы жағдай қайталанбасын деп, сақтық шараларын еске салғымыз келеді.
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде 9 дәрігер жұмыс істейді. Күніне 30-ға жуық науқасты қабылдайды. Ал, айына 400-тен астам бала емделіп шығады екен.
НҰРЛАН АЙМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Біздің облысымызда, екпе салуға қажетті дәрі-дәрмектің барлығы бар. Жеткілікті.Ол-республикадан бөлінеді. Сатып алынды. Жалпы, 95 пайыз бала екпе алды. Ата-аналарға айтатытынымыз, екпе алудан қорықпау керек. Балалардың қамын ойлау керек.
ҚР штаттан тыс бас балалар инфекционисті Динагүл Баешова барлық өңірді аралап шықпақ ниетте. Ең алдымен, су тасқыны болған аймақтарға бармақ.