Бүгін 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күн 2013 жылдан бері аталынып өтуде. Мейрамға орай өңірдің 40-тан астам өнер қызметкерінің бүгін еңбегі еленді. Солардың ішінде 10 адамға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.


Елімізде жалпы облыста мәдениет саласына жақсы көңіл бөлініп келеді. Соңғы екі жылда өнер саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 45 пайызға өсен. Биыл Петропавлдағы облыстық тарихи-өлкетану музейі өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтсе, Сәбита Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылғанына 90 жыл толады. Кәсіби мерекелеріне орай бүгін өнер және мәдениет саласы қызметкерлерін облыс әкімінің атынан аппарат басшысы Руслан Әлішев құттықтады.


РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері, ардагерлері сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Халық арасында мәдени құндылықтарымызды насихаттап, дамытып жүрген жандар өздеріңізсіздер. Елімізде мәдениет саласын дамытуға көп көңіл бөлінген. Президенттің тапсырмасымен, барлық өңірде шығармашылық индустрия орталықтары ашылмақ. Біздің облыста да бұл орталықта талантты да шығармашыл жастар ,өнер иелері бас қосады деп ойлаймыз. Әрқашан еңбектеріңіз еленіп, өңірімізде талантты жастар көбейе берсін.


Алдағы уақытта ПЕтропавлда қазақ театрының ескі ғимаратында шығармашылық индустрия орталығы жене Конституциясы көшесі бойында «Ботай» көрмесі ашылмақ. Бұл туралы бүгін салтанатты жиында Руслан Әлішев айтты. Іс-шара барысында 40-тан астам өнер және мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегі еленді. Солардың бірі «Асыл мұра» орталығының жетекшісі – Ахметжан Қуантаев. Ол облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


АХМЕТЖАН ҚУАНТАЕВ, «АСЫЛ МҰРА» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бүгін зор құрметке ие болып отырмыз. Бұлда еңбектің нәтижесі. Өзім 60 жылға жуық қызмет етсем, музей бірлестігінде 10шақты жыл жұмыс істеп жүрмін. Мәдение саласы қоғамның ерекше саласы. Бұл өнім өндірмейді. Бұл тек жүрекпен сезіп, құлақпен бағалайтын өнім.


Бұл күні ардагерлердің еңбегі де ұмыт қалмады. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры мұражайының меңгерушісі Людмила Лошакова «Еңбек ардагері» медальімен марапатталды. Оның мәдениет саласындағы еңбек өтілі 52 жыл.


ЛЮДМИЛА ЛОШАКОВА, Н.ПОГОДИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Мен 2002-2011 жылдар аралығында театрдың директоры қызметін атқардым. Кейін әдебиет бөлімінің меңгерушісі болдым. Театрда музей аштым. Н.Погодин театры еліміздегі ең көне өнер ордаларының бірі. Осындай тарихи мекемеде жұмыс істейтініме өте қуаныштымын. Қазір мәдениет, өнер саласы қызметкерлеріне барлық жағдай жасалған. Олардың алдында тек еліміздің өнерін дамыту міндеті тұр.


Марапаттау рәсімінен кейін жиналғандардың назарына мерекелік концерт ұсынылды.