Қоршаған ортаның таза болуына жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың міндеті. Осы орайда Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Мыңдаған қала тұрғыны көшелерді, саябақтарды қоқыстан тазартты.


Еңбек ұжымдары және статистика департаментінің 15-ке жуық маманы Петропавлда Мещан орманындағы қалдықтарды жинады. Қала тұрғындары орманды жапырақтардан, қоқыстардан, бөтелкелерден тазартты. Жалпы бұл акция облыстың түкпір түкпірінде өтті.


МАНАРБЕК ИБРАЕВ, СҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

- Қаланың тазалығы үшін, Қаланы жақсату, жаңарту, тазарту мақсатында осындай акцияларға қатысып жүреміз. Әр сенбі жексенбі бүкіл қаланың тұрғындарымен қатысып осындай жұмыстар жасаймыз.