Облыста сәуір айының басынан 82 адамды кене шаққан. Оның 20-сы он төрт жасқа дейінгі бала. Бұл туралы бүгін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары айтты. Олардың сөзінше, кене шағуының эпидемиялық маусымы жыл сайын сәуір мен қазан айлары аралығында болады.


Былтыр жалпы 681 адамды кене шаққан. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 195 жағдай тіркелген. Кене шаққаннан кейін көптеген жұқпалы аурулар бас көтеруі мүмкін. Атап айтар болсақ, кене энцефалиті, кене сүзегі, туляремия, кене боррелиоз, геморрагиялық қызба және басқа да жұқпалы аурулар. Мәселен, былтыр кене шағудан пайда болатын энцефалит ауруының 3 фактісі тіркелген.


АЙНАШ САҒАНДЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Ең қауіптісі ол кене энцефалиті. Ол орталық жүйке жүйесінің басым бөлігін зақымдайтын жіті инфекциялық ауру. Биыл облысымызда соның ішінде кенеге қарсы дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.Бірінші кезеңі 16-18 сәуір аралығында Айыртау ауданының Айыртау және Лобаново ауылдарында өткізілді. Дезинфекцияның екінші кезеңі қыркүйек айына жоспарланған


Мамандар, кене шағып алған жағдайда бірден медициналық мекемеге жүгінуге кеңес береді. Және өз денесінен кене тауып алған жағдайда оны күшпен жұлып алмау керек екенін де ескертеді.Сонымен қатар, кене шағуының алдын алу үшін ұзын жеңді киім кию ұсынылады