Мамлют ауданы Меңкесер ауылындағы “Мәмбетов және К» КС экологиялық жобаны қолға алды. Енді шаруашылық мал қиынан органикалық тыңайытқыш өндіреді. Бұл мақсатта шаруашылық озық үлгідегі технологияны Түркия елінен шамамен 150 миллион теңгеге алдыртқан.


Мал қиының құрамында азот, фосфор және калий секілді топыраққа пайдалы маңызды элементтер бар. Мамандардың сөзінше, химиялық қоспа себілген жерге қарағанда, табиғи тыңайтқыш пайдаланылған жерден екі есе мол өнім алуға болады.


ОЙРАТ НҰРМАҒАМБЕТ, “МӘМБЕТОВ ЖӘНЕ К” КС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бізге бұндай құрылғыны алу туралы идея 1,5-2 жыл бұрын келген. Сол уақыт ішінде техниканы қалай дұрыс пайдалану, игеру керектігін үйрендік. Қолымыздан келді. Міне, бүгін іске қостық. Бұдан шығатын тыңайтқыш 100 пайыз табиғи өнім. Ешқандай химиялық қоспа болмайды. Алдағы уақытта тыңайтқыштарды егістіктерде топырақты құнарландыру үшін пайдаланатын боламыз.


Озық үлгідегі технологияның бөлшектері Түркиядағы “EYS” компаниясынан сатып алынып, түрік азаматтарының көмегімен құрастырылды. Бұл құрылғы тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Сондай-ақ, техинканы қашықтықтан басқаруға болады.


ERKAN ÖĞÜTÇÜ, “EYS” КОМПАНИЯСЫНЫҢ САТУ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің құрылғыда малдың қиы 100 пайыз өңдеуден өтеді. Барлығын арнайы градусқа қойып қадағалап отырамыз. Жалпы, бұл деген керемет дүние. Қоршаған ортаға да пайдалы. Сондай-ақ, ауаға да зияны жоқ. Ешқандай аурулар тарамайды. Қазақстан үшін тиімді жоба.


ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қазір «Мәмбетов және К» КС өңделген өнімді өз мақсаттары үшін қолданатын болады. Бірақ, алдағы уақытта бұл жобаны одан әрі кеңейтіп,дамытамыз деген ойдамын. Түркиядан келген қонақтарымызға алғыс айтамын.


 Айта кетейік, облыста мұндай мал қиын өңдейтін экологиялық жоба алғаш рет іске қосылды