Биыл елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше форматта атап өтті. Облыстағы төтенше жағдай режиміне және су тасқынына байланысты Петропавлда жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл бастаманы – Қазақстан халқы ассамблеясы қолға алған.


Қалалық сенбілік «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған. Мемлекеттік қызметкерлер тазалық акциясын алдымен Тұңғыш Президент саябағынан бастады. Жиналғандар арасында мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қызметкерлері де болды.


РУСЛАН СЕНКЕБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бейбітшілік пен тұрақтылықтың символы болып саналатын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде қызметтес әріптестерімізбен мерекеге орай сенбілікте жүрміз. Қаламыздың таза болуына ат салысып жатырмыз.


Суы кете бастаған қалалық су арнасының жаны да тазартылды. Ондағы қоқысты жинау үшін «Помощь рядом» еріктілер қозғалысы мен жастар ресурстық орталығының белсенділері жиналған. Сондай-ақ тазалық акциясына 24 сәуір күні су тасқынының алдын алу жұмыстарына Жетісу облысы, Үшаралдан келген әскери қызметшілер де өз үлестерін қосты.


АНТОН СЕРЕБРЯКОВ, «ПОМОЩЬ РЯДОМ» ВОЛОНТЕРЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Қазір мұнда 30-ға тарта ерікті мен студент еңбек етіп жатыр. тұрғындар да тазалық акциясына өз үлестерін қосуда. Саябақтар мен жолдар қоқыстан тазартылды.


НҰРБОЛ ТӘЛІПОВ, 40398 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ, ҮШАРАЛ ҚАЛАСЫ:

- Бізде қазір жасалып жатқан жұмыстар: аумақты тазалап су тасқыны өткен жерлерді. Қазір жұмысқа ат салысып жатқан салдаттар мен сарбаздар, сержаттар 70 шақты адам. 15 техникамыз бар. сол камаздармен қалаларға келіп жұмыстар жасалынып жатыр.


«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан сенбіліктер алдағы 3 ай бойы жалғасады.