«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев және «Қазақ мыс корпарациясы» орнықты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов Петропавлдағы су басқан аудандарды аралап, механикалық бригадалардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, «Солнечный-2» ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын көрді.


Облыста барлығы 3,8 мың үй су астында қалған. Бүгінгі таңда оның 1,3 мыңы тексерілген. Осы орайда, Болат Жәмішев және Сәкен Шаяхметов Ойқала ықшам ауданында орналасқан жедел штабқа барды. Бұл жердегі жұмыстарға жауаптылардың бірі - Ғ.Мүсірепов атындағы аудан.


ЕРЛАН АМАНЖОЛОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- На сегодня мы приступили к 5 домам, вот у нас тут есть 3 дома, 2 дома мы уже полностью разобрали, сушили, идёт демонтаж полов.


МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз күн сайын 17:00 де-штабтарда жиын өткіземіз. Кездесу барысында әр ықшам ауданға жауапты аудан басшылары бізге жүргізіп жатқан жұмыстары бойынша есеп береді. Және 1 күн ішінде жауапты мамандар қандай шешім шығарғандарын да айтады.


Болат Жәмішев «Былғары зауыты» кентіндегі жағдаймен танысып, қайта қалпына келтіріліп жатқан үйлерді көрді. Мұндағы жұмыстарға Есіл, Шал ақын және Жамбыл ауданынан келген механикалық бригадалар жұмылдырылған. Жалпы, қазіргі таңда Ойқала ықшам ауданында және Былғары кентінде 26 үй мен 7 пәтерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, «БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ» КЕНТІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Былғары кентінде 200-ден астам үй су астында қалды. Оның 157-сінде су кептірілді. Қалған үйлерде де су соры жұмыстары қызу жүріп жатыр. Үйлердің қабырғаларын және едендерін жөндеп жатырмыз. Сондай-ақ, аулалар мен жертөлелерден су сорылып, көшелер тазартылып жатыр. Қоқыстарды да шығарып жатырмыз.


Кейін жиналғандар «Солнечный-2» ықшам ауданына барып, салынып жатқан үйлердің құрылысын көрді. Айта кетейік, бұл ауданда бекітілген 3 жоба бойынша 500 тұрғын үй салынады. Соның ішінде « Қазақстан халқына» қорының қаражатына 100 үй тұрғызылмақ. Және «Қазақ мыс» корпорациясы қор арқылы тағы 100 баспана салады.


БОЛАТ ЖӘМІШЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Жақсы жоба, сапалы. Менің ойымша, бұл баспаналарға тұрғындардың көңіілі толады. Іргетасы мықты, жақсы құрылыс материалдары қолданылып жатыр. Үй жылы болуға тиіс.


 Кейін «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев және «Қазақ мыс корпарациясы орнықты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.