Соңғы үш жыл ішінде облыс бойынша есірткі қылмысының саны артқан. Мысалы 2020 жылы осындай 58 дерек тіркелсе, 2023 жылы ол 290-ға дейін артқан. Биылғы статистика да көңіл көншітпейді. Төрт айдың ішінде есірткі қылмысының 80 нен астам фактісі тіркелген.


Есірткі жарнамасы қазіргі таңда әлеуметтік желілерде желдей есуде. Көбінесе қаскөйлер ақпараттық платформа ретінде «телеграм» қосымшасын пайдаланады. Мысалы, «Оператор кайфа » сияқты танымал атаулармен чаттар ашып ол жерде есірткінің түрі, оның қаптамасы, салмағы мен құны туралы ақпарат орналастырылады. Өткен жылы қала прокуратурасы есірткі заттарын жарнамалаудың 4 фактісін анықтады.


САЯН АСҚАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Бір факт бойынша қылмыс есептен жасырылған деп тіркелді, қалған үшеуі бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін қылмыстық қудалау органына жіберілді. «Традиционный» атауымен танымал есірткілердің (мысалы, героин, марихуана, гашиш және т.б.) айтарлықтай төмендеуі байқалады, өйткені оларды синтетикалық аналогтармен алмастыру жалғасуда, күнделікті өмірде «Соль» деп аталады.


2023 жылы облыста есірткі жасайтын зертхана анықталды. Психотроптық заттар, реагенттер, жабдықтар және т.б. заттар тәркіленді. Есірткі сатып сондай-ақ оны жарнамалағаны үшін Петропавл қаласының тұрғыны жауапқа тартылды, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.


САЯН АСҚАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдардың жасы өзгеруде. Егер бұрын қылмыстың бұл түрімен 25 пен 40 жас аралығындағы, бұрын бірнеше рет сотталған адамдар айналысқан болса, қазір бұл 17 мен 25 жас аралығындағы әртүрлі әлеуметтік топтағы жастар, әдетте бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және ақша табудың оңай жолын іздегендер айналысады.


Облыс прокуратурасының органдары тұрақты негізде ата-аналармен және мектеп оқушыларымен кездесулер өткізеді. Тек биыл осындай 345 дәріс ұйымдастырылған.