Петропавлда «Дельфин» спорт мектебінде балалар мен жасөспірімдердің арасында суда жүзуден ашық чемпионат басталды. Бұл дода 7-мамыр «Отан қорғаушылар» күніне және 9-мамыр «Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне арнайы ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 120-дан астам бала қатысып жатыр.


Мұндай облыстық чемпионат 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Жүзу сайысына 2008 және 2013 жылдары аралығында туған балалар қатысып жатыр.


АЛЕКСАНДР САВЕЛЬЕВ, БАС ТӨРЕШІ:

- Бүгінгі сайысқа барлығы 120-дан астам спортшы қатысып жатыр. Жалпы, қазір балалар Қазақстан чемпионатына дайындалу үстінде. Спортшыларымыз 10 мамыр күні Талдықорған қаласында өтетін республикалық чемпионатта облыстың намысын қорғайды.


Қатысушылар бірінші күні 100 және 200 метрге жүзсе, екінші күні 400 метрге «еркін» стильде жүзіп бақ сынайды. 11 жастағы Абылайхан Құдыратулла- 6 жасынан бастап спорттың осы түрімен айналысып келеді.


АБЫЛАЙХАН ҚҰДЫРАТУЛЛА, ҚАТЫСУШЫ:

- Біз 100 комплекспен және 25 баппен жүздік. Арқамен жүздік. Бұған дейін Көкшетау қаласында өткен жарыстарға қатыстым. Сондай-ақ, қалада өткен көптеген сайыстарға қатыстым.


Дода 2 күнге шақталған. Соңында балалар кубокпен және медальдармен марапатталады.