Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызылсая ауылының тұрғындары жоғалған жылқыларын бірнеше айдан бері таба алмай жатыр. Шамамен 250 мал боранды күндері ығып кетіп, содан бері жоқ.


Биыл қыс қатты болды. Қар қалың түсті. Сондықтан далада жүрген жылқылар жан-жаққа шашырап кеткен көрінеді. Тұрғындар қар кеткенде табылып қалар деп үміттенген. Алайда тек 25 малдың өлексесі табылды. Ауыл тұрғындарының барлығы дерлік жылқысынан айырылып отыр. Кейбіреуінің 1-2, енді бірінің 10-15 жылқысы жоқ. Төрт түлік көрші Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары аумағына кетіп қалуы мүмкін, - дейді тұрғындар.


БАТЫРБЕК СӘДЕНОВ, ҚЫЗЫЛСАЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ:

- Біздің көп жылқымыз жоқ, осы күзден бері далада жүрген көп жылқы қыстың ортасынан таба алмай жатырмыз. Біз ел болып бәріміз іздедік, қыстың қары кеткесін шығады ғой деп ек, оның өзі шамалы өліктер шығып жатыр. 250 бастай жылқы түп орнымен жоқ. Осы малдың бәрі Петропавл, Түменге қарай кетіп қалды ма деп, Қызыл Туға қарай кетті ме деп іздеп ойлап жатырмыз, бірақ таба алмай жатырмыз. Көрген, білген адам болса осы хабарласып, сүйіншілеріңіз дайын.