Биыл облыста балалар арасында 11 қылмыс тіркелген
Биыл облыста кәмелет жасқа толмағандар арасында 11 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға төмен. Тең жартысы Петропавл қаласында анықталған.
Кәмелетке толмағандар 5-аса ауыр қылмыс жасаған. Мысалы, М. Жұмабаев ауданында кісі өлтіру фактісі тіркелген. Сонымен қатар Петропавлда жасөспірім полиция қызметкеріне тіл тигізген. Осы факті бойынша ҚР Құқықтық кодексінің 378-бабы бойынша тергеу басталды. Қорытынды бойынша іс сотқа жолданып, жасөспірім 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай ақ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА есірткіні сатып алу және оны сақатаудың екі дерегі тіркелді. Қылмыс жасаған жасөспірімдердің алтауы кәсіптік техникалық колледжде білім алады , ал 4-і мектеп оқушысы болса бір жасөспірім ешқайда оқымайды.
ВИКТОР НАЙДА, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
- Прокуратура, әкімдік, ювеналды полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі тұлғалар арасынан мобильді топтар құрылды. Бұл топтар жағдайы қиын немесе бұрын құқық бұзушылық жасаған балалардың отбасыларына барып түсіндіру, алдын алу іс-шараларын жүргізді. Биыл ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің олардың тәрбиесінде өз міндеттерін орындамауына байланысты 107 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.