Петропавлда жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтіп жатыр. Сайыс Алихан Бөкейханов атындағы нөмірі 25 жалпы білім беретін орта мектепте ұйымдастырылып отыр. Чемпионатқа облысымыздың 7 ауданы мен Петропавл қаласынан барлығы 116 оқушысы қатысуға ниет еткен.


Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Аңыз бойынша, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан екен. Бүгінде бұл ұлттық ойын өңірімізде де қарқынды дамып келеді. Оған дәлел бүгінгі жасөспірімдер арасындағы ұйымдастырлып отырған облыстық чемпионат. Жалпы қатысушылардың саны 116 бала. Оқушылар тоғызқұмалақтың екі түрінен яғни, блиц және классикалық санатта сайысатын болады.


МЕЙРАМБЕК ҮТЕНОВ, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН СҚО БАС БАПКЕРІ:

- Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында СҚО чемпионаты өткізілді.


Бүгінгі сайысқа қатысып отырғандардың бірі Әйгерім Ыдырысова. Бұған дейін 4 сынып оқушысы облыстық чемпионатқа 3 рет қатысқан. Айтуынша биыл бірінші орын иеленіп Республикаға жолдама алу басты мақсаты. Облыстық жарысқа Әйгерім Ақжар ауданы Кіші Қараой ауылынан келіп отыр.


ӘЙГЕРІМ ЫДЫРЫСОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Тоғызқұмалақпен айналысып жүргеніме 2 жыл болды. Облыстық сайысқа үшінші рет қатысып отырмын. Қыркүйек айында мен 3 орын алдым. Ал аудандарда бірінші орын алып жүрмін. 


Айта кетейік, тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионат екі күнге шақталған. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері маусымның 20-ы мен 30-ы аралығында Талдықорғанда өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионатына жолдама алады.