Жыл басынан бері өңір прокурорлары жалпы сомасы 50,9 млрд теңге қаражат құюды жоспарлаған инвесторлардың алты мәселесін шешуге көмектесті. Қазір 31 инвестициялық жоба облыстық прокуратураның бақылауында.


Құзырлы орган мамандары көмектескен инвестордың бірі – Atameken Agro Oils ЖШС. Компания құны 19,4 млрд теңге болатын экстракциялық май өндіру зауытының құрылысы жобасын жүзеге асырмақ. Ол іске қосылса жаңа 252 жұмыс орны ашылады. Инвестор жобаны жүзеге асыру барысында кәріз жүйесінің дұрыс істемеуінен өндірістік алаңды су басқанын анықтаған. Бұл мәселе қаралып, шешу жолдары ұсынылды. Сондай-ақ, EMS Agro және Eurasian Milk ЖШС-нің жұмсалған инвестициялық шығындарды өтеу бойынша өтінімдерді қарау мерзімдері бұзылғаны анықталды. Жергілікті атқарушы органның қадағалау және үйлестіру шаралары арқасында инвесторларға 1,2 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Енді жобалар әрі қарай жалғасатын болады.