Петропавл полицейлері велосипед ұрлығының алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр. Тәртіп сақшылары үйді-үйге кіріп тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастап кетті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.


Күн жылынысымен учаскелік инспекторлар мен жедел уәкілдер Жұмысшы кентінде ақпараттық-профилактикалық рейд жүргізуге кірісті. Полицейлер үйді-үйге кіріп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Велосипедті, балалардың қол арбаларын үйдің кіреберісінде, баспалдақтардың астында қалдырмаған жөн дейді мамандар. Өйткені, қараусыз қалған заттарды ұрылар қолды қылуы мүмкін.


Қолды қылмас үшін мүмкіндігінше велосипедтерді үйдің ішінде, балконда немесе жертөледе сақтаған дұрыс немесе оны құлыптармен бекітіп қалдырған абзал.


Дулат Теміртасов, Петропавл қ. ПБ екінші полиция бөлімі ЖПҚ бөлімшесі бастығының орынбасары:

- Екінші полиция бөлімінің аумағында учаскелік полиция инспекторлары және криминалдық полицияның қатысуымен тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұрлықтың алдын алу, сондай-ақ осы аумақта абаттандыру ережелері бойынша заң бұзушылықтарды анықтайтын рейдтік іс-шаралар жүргізілді.


 Абаттандыру ережелерін бұзғандар да назардан тыс қалмады. Жергілікті тұрғындырдың бірі гараж кооперативтерінің бірінің маңайы қоқысқа толып тұрғанын айтып полицейлерге шағымданған болатын.


Кооператив төрағасына қатысты хаттама толтырылып, оған бірінші рет ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Егер он күннің ішінде аумақты тазаламаса, оған айыппұл салынуы мүмкін. Полицейлердің айтуынша, рейдттердің негізгі мақсаты – өзгенің мүлкін қолды қылудың және басқа да қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ адамдарға заңнама талаптарын түсінд