«Ласточка» бөбекжай-бақшасында Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен облыстық экономикалық семинар өтті. Бұл Петропавлдағы мектеп жасына дейінгі балалар арасында қолға алынған алғашқы экологиялық жоба. Іс шараға 30-ға тарта педагог маман қатысты.


Мектеп жасына дейінгі балалар арасында экологиялық тәрбиені қалыптастыру қашанда маңызды. Кішкентайынан табиғат анаға қамқор болуды үйренген баланың бойында жақсы әдет қалыптасады. Өзі ғана емес, айналасындағыларды да қорғашан ортаны аялауға шақырады.


КӘМШАТ ҒАБДУЛЛИНА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Бүгінгі семинарымыздың тақырыбы: мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеуде даушы ортаны ұйымдастыру. Мақсаты: ойын, практикалық қызметтер арқылы табиғатқа деген саналы көзқарасты қалыптастыру. Қазір экологиялық проблемалар әлемдік масштабта десек те болады. Сондықтан семинарда балаларға балабақшадан бастап экологиялық тәрбиені қалай ұйымдастыру керегі туралы айтылады.


Семинарға облыс орталығы мен аудандардан педагогтар шақыртылған. Мамандар өзара тәжірбие алмасты. Осы бағытта Петропавлдағы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында ауқымды жұмыс атқарылған. Биыл мекеме республикалық байқауда экологиялық жоба қорғап бас жүлдеге ие болды.


ҒАЛИЯ СӘРСЕКЕЕВА, «АЙГӨЛЕК» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

- Біздің балабақша жоба құрды. Өздеріңіз білесіздер қазір пластиктар адамдар үшін өте ыңғайлы. Балалар сол пластиктерді қоқысқа тастамай, қайта өңдеуге байналысты жұмыстар жасадық. Сол материалды қайта пайдаланып ойындар жасауды қолға алдық. Осылай табиғатты қорғау ұғымын балалардың бойына сіңіріп жатырмыз.


Жалпы «Ласточка» бөбекжай-бақшасының іргетасы 1961 жылы қаланған. Қазір мұнда 100-ге жуық бала тәрбиеленіп жатыр.