Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданы Ленинское ауылында орналасқан «Ростан» серіктестігінде болып, цехтің жұмысымен танысты. Кейін Дайындық ауылында бой көтерген нысандарды аралап шықты. «Дайындық» ЖШС-і директоры Біржан Шәймерденов атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.


Ленинское ауылында орналасқан «Ростан» ЖШС-де 45 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынға күніне 20-30 тонна сүт жеткізіледі. Жалпы, жыл басынан бері серіктестік 250 тонна өнім өндірген.


- Сколько у вас наимевание продуктов есть?

- 9

– И куда продаете?

- Реалиризуется в местных торговлях по регионам. Еще в Кокчетав, Ксотанай и Астана... По брендом «Ростам»


Кейін өңір басшысы «Дайындық» ЖШС-нің астық сақтау қоймасына барды. Нысан 9 мың тоннаға шақталған. Жалпы, шаруашылықтың егістік алқабы 7486 гектар. Былтыр серіктестік 5733 га жерге дәнді дақыл егіп, әр гектардан 16,9 центнер өнім алған. Ал, 1530 га жерге майлы дақыл егіп, әр гектардан өнімділік 7,4 центнерді құраған. Биыл шаруалар 5298 гектарға- дәнді дақыл, 1303 гектарға- майлы дақыл және 885 гектарға мал азығын егуді жоспарлап отыр.


- Это семена корнетта. Мы его в это году купили В России. У себя используем. Идет уже третья год репродукция.


Ғауез Торсанұлы «Дайындық» ЖШС-нің егістік алқабында жүргізіліп жатқан көктемгі дала жұмыстарының барысымен де танысты. Серіктестікте нақанға 36 техника жұмылдырылған. Биыл 1 себу кешені мен 1 комбайн сатып алынған екен. Мамандардың сөзінше, биыл жаз өте ыстық болады. Бірақ, жерде құнар жеткілікті көрінеді. Сондықтан, шаруалар жақсы өнім аламыз деген ниетте. Диқандар көктемгі дала жұмыстарына 11-мамыр күні кіріспек.


- У нас по сельхоз какие вопросы есть, по минеральным ужобрениям-По минеральному ужобрениям буквально на 2 дня по поручению министра приехали представители КазФосфат. За 2 дня 105 договора заключили от 15 тысяч 432 тонны, в целом на сегодня 245 и оплатили на 2 тысяч тонн.


Кейін облыс әкімі «Шәймерденов Б. А» сүт-тауарлы фермасына бет бұрды. Шаруа қожалығы 1500-ге жуық ірі қараға шақталған . Қазіргі таңда шаруашылықта 600-ден астамы сауын сиыр бар. Шамамен бір сиыр күніне 20 литрден астам сүт береді. Жалпы, былтыр шаруа қожалығы 3,6 мың тонна сүт өндірген екен. Айта кетейік, «Дайындық» серіктестігінің директоры Біржан Шәймерденов 2022-2023 жылдары аралығында өз қарамағындағы жұмысшыларға арнап 17 үй салып берген. Баспана алғандардың бірі - Алмагүл Жүсіпова.


АЛМАГҮЛ ЖҮСІПОВА, ДАЙЫНДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Келісімшарт бойынша мен 5 жыл осы жерде жұмыс істеуім керек. Сосын осы үйді менің атыма аударып береді. Әрине әрі қарай тоқтап қалмаймын. Денім сау болса осында жұмыс істей беремін ғой.Ең бастысы жұмыс бар.Үй бар. Жағдайымыз оңды.


Ал, Байни Шәймерденова - тыл еңбеккері. 92 жастағы әже бұрын сауыншы болып жұмыс істеген. Ғауез Нұрмұхамбетов оның көпжылдық еңбегін елеп, еңбеккердің үйіне арнайы келді.


БАЙНИ ШӘЙМЕРДЕНОВА, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:

- 11 шөберем, 9 немерем 1 шөпшегім бар. Көп бейнет көрдім. Әкем соғысқа кетті. Шешем қайтыс болды. Інім, әжем үшеуіміз қалдық. Жас кезімде көп қара жұмыс істедім. Соғыс кезінде, қиын қыстау кезінде балалар ерте жетіледі екен. Міне, Біржан балам осы үйді салып берді. Отбасымызбен тату-тәтті тұрып жатырмыз.


Біржан Шәймерденов «Дайындық» ауылына қайта жан бітірген кәсіпкер. Ауылдағы негізгі мектептің іргетасы 1967 жылы қаланған. 2023 жылы Біржан Әбділманұлы ғимаратты 85 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізді. Қазіргі таңда мектепте 60-тан астам оқушы білім алады. Және ауылда 2017 жылы жалпы соммасы 10 млн теңгеге мединициналық пункт бой көтерген. Бүгінде мұнда 2 медбике жұмыс істейді.


ЖАННА ҚУАНЫШЕВА, МЕДБИКЕ:

- Учетта артериальная гипертензиямен 25 адам, қант диабетімен 10 адам, ИПС-пен 8 адам, ДСП-мен 2 бала және бронхиальдық астмамен 1 бала тұр. Барлығы уақытылы дәрілерін алады. Аса қатты жаман аурумен ауыратын адамдар жоқ.


Бұдан соң облыс әкімі ауылдағы ет және азық-түлік дүкенінің жұмысымен танысты.Дайындық ауылында темекі және ішімдік түрлері сатылмайды. Кейін жиналғандар майлы дақылдарды өңдейтін цехтың жұмысын көрді. Бұл нысанды салуға 80 млн теңге қаражат құйылған. Жалпы, цех күніне 7 тонна өсімдік майын өндіруге қауқарлы.


- Что за оборудование?

- Германские. У нас Казахстане никого нету.

-Произвадительность қандай?

- 390 кг за смену. Бізде мұнда осындай құрылығыдан 6-ау тұр.


Айта кетейік, Аққайың ауданындағы Ленинское ауылында 1085 адам, Дайындық ауылында 195 адам тұрады. Ленсикоеда жұмыссыздар саны-8 болса, Дайындық ауылындағы барлық тұрғын жұмыспен қамтылған.