Христиандардың ең ежелгі әрі басты мерекесі Пасхаға бірер күн қалды. Биыл діни мейрам 5 мамырда тойланбақ. Бұл күні православ сеніміндегілер шіркеуге барып, туған-туыстары мен жақындары үшін дұға етіп, құдайға сыйынады.


Иса пайғамбардың «қайта тірілуінің нұрлы мерекесі» деп қабылданған Пасха мерекесі тіршілік пен мейірімділіктің салтанатын, рақымдылықты, қайырымдылықты, рухани жаңғыруды білдіреді. Яғни, ол адамдарды ізгілікке, игі амалдарға жетелейді. Дәстүр бойынша бұл мерекеде сыйлық жасау керек. Осыған орай Петропавл-Булаев епископы Владимир Михейкин православ сеніміндегілерді мерекемен құттықтады.


ВЛАДИМИР МИХЕЙКИН, ПЕТРОПАВЛ-БУЛАЕВ ЕПАРХИЯСЫНЫҢ ЕПИСКОПЫ:

- Христиан дінінің барлық өкілдерін Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Иса пайғамбардың қайта тірілуінің нұрлы мерекесінде бар қиыншылық артта қалсын! Жаратушымыз бәріңізді қолдап, қорғап жүрсін! Баршаңызға тек жақсылық тілеймін!