«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «ҚАЖСервис» ЖШС-і «Кешенді мақсатты бағдарлама» аясында облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың шұңқырларын жөндеу жұмыстарын бастады. Биыл ой- шұңқырларды жабуда жаңа әдіс қолданылмақ.


Бұл технология дайындық жұмыстарынсыз жолды жөндеуге мүмкіндік береді. Және оны ауа райы суық болған кезде де қолдана беруге болады. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде көлік қозғалысы шектелмейді. Және аталған әдіс жолдағы шұңқырларды ғана емес, сонымен қатар жарықтарды және басқа да ақауларды ретке келтіруге мүмкіндік береді.