Өңірге премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, және бірқатар ірі компаниялардың басшылары келіп, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, сонымен қатар жергілікті тұрғындармен кездесті. KAZ Minerals, Kazakhmys Holding және Kaspi.kz атты үш ірі компания Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер, негізінен СҚО үшін 60 миллиард теңгеге дейін бөлетіні туралы хабарлады.


Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 100 үй салынып жатыр. Былтыр "Солнечный-2" ауданында жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлініп, инфрақұрылым тартылған еді. Оны 10 сотық жерге кезекте тұрғандарға беру жоспарланды. Жауапты органдар уақыт үнемдеу мақсатында дайын тұрған учаскелерді пайдалану жөнінде шешім шығарған. Жалпы, жоба "Қазақстан халқы" қоры есебінен қаржыландырылады. Ұйым облысқа 2 млрд 700 млн теңге қаражат бөлді. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына 10 компания тартылды. Қолданылатын материалдардың басым бөлігі - отандық өнім.