14 ақпан күні Петропавлда Қазақстан халқы ассамблеясының резервтік қоймасы ашылды. Орталықта 50-ге жуық волонтер тасқын судан зардап шеккен Хромзауыт ықшам ауданы тұрғындарына заттарды таратып, көмек көрсетеді. Қазіргі таңда бұл жерден 2 мыңнан астам адам гуманитарлық көмек алған.


Орталықта азық-түлік, киім-кешек, жеке гигиеналық заттар бар. Волонтерлердің айтуынша, гуманитарлық көмек қоймаға шет елдерден атап айтқанда, Әзербайджан, Қырғыстан мемлекетерінен де келіп жатыр.Орталық күніне 200 ге жуық адамды қабылдайды. Сонымен қатар, бұл пунктте жастар ресурстық орталығының еріктілері ТЖ кезінде зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жөнінде жадынамалар таратады.


ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгін біз тасқын судан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратып жатырмыз. Бұл жадынамада 100 АЕК мөлшеріндегі біржолғы төлемді қалай алуға болатындығы жазылған. // Біз осындай кездесулерді күнделікті өткіземіз. Кеше зардап шеккендер жатқан жатақханаға барып, жадынамалар тараттық, ертең Қарасай стадионына да барамыз деп жоспарлап отырмыз.