Есіл ауданы Покровка ауылының маңындағы Соленое көлінде 150 келіге жуық балық қырылды. Осы дерекке байланысты жүргізілген сараптаманың қорытындысы шықты.


Мамандар Соленое көлінде балықтың қырылғандығын 18 сәуір күні әлеуметтік желілерде шыққан бейнежазбадан білген. Облыстық экология департаменті және ветеринария қызметі су айдынының аумағынан және өлген балықтан сынама алды. Айта кетейік, Соленое көлін «Чекунов» жеке кәсіпкерлігі жалға алған. Су айдыны 58 га аумақты алып жатыр. Орташа тереңдігі 1-2 метрден аспайды.


ИЛЬДАР КӘКІМОВ, ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Жағдайға байланысты арнайы топ құрылды. Су және өлген балықтан сынама алынып, зерттелді. Нәтижесінде қыста мұздың қалыңдауы себебінен балықтарға оттегі жетіспегені анықталды. Енді инспекция көлді пайдаланушыға қатысты талап қою мәселесін қарап жатыр.