Облыста аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы қамауға алынды. Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген.


Азаматтарға тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесі басталды.


АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен қазіргі таңда Тайынша ауданы әкімінің орынбасарына және бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған лауазымды тұлғалар осы ауданның аудандық маңызы бар жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарының актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін және де жалпы қамқорлық үшін 10млн теңге пара алды деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта Петропавл қаласының тергеу сотының санкциясымен аталған лауазымды тұлғалар қамауға алынды. Қалған ақпарат өкінішке қарай ҚР-ның қылмыстық процесстік кодексінің 201-ші бабына сәйкес жария етуге жатпайды.